16:47, 02 Ақпан 2017 | GMT +6
Универсиадада қазақстандық шаңғышы тағы бір медаль еншіледі
АСТАНА.ҚазАқпарат - Шаңғыдан әйелдер арасындағы классикалық спринт сынында қазақстандық спортшы Анна Стоян қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы финалда отандасымыз Анна Стоян (3:26.06) ресейлік спортшы Мария Давыденкова (3:18.95) мен Лилия Васильеваға(3:21.34) жол беріп, қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы сында қазақстандық спортшылар арасынан тек Анна ғана финалға жеткен болатын.