Универсиада жеңімпазы атанған оңтүстікқазақстандық спортшыларға ақшалай сыйақы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Алматы қаласында өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, Универсиада ойындарындарында жеткен жетістіктері үшін әкім  алғысын білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қоса, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлық табыс етті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

«Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің  25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шарасына  бағаланып отыр. Бұл тарихи жеңіске бүкіл қазақ елі мен Елбасымыз және үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік жұрты да ерекше  қуанышқа бөленді. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі Әлемдік байрақты бәсекеде  еліміздің көк байрағы желбіреді»,-деді аймақ басшысы.

Жарыстың бірінші  күні ел қоржынына фристайл спортының акробатика тәсілімен секіруден Жібек Арапбаева күміс медаль ұтып алса,  Жанбота Алдабергенова қола медалға қол жеткізіп, ел құрамасын командалық есепте төртінші орынға шығарды. Ал, 31 қаңтар күні, Ж.Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық сайыста алтын медалға   қол жеткізді.

Универсиада төрінде жасаған үлкен ерліктері үшін 1 орын алған оңтүстікқазақстандық спортшыларға үш миллион теңге, 2 және 3 орын алған спортшыларзға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді. 

nullnullnull 

Соңғы жаңалықтар