УНИВЕРСИАДА ТУРАЛЫ

None
None
28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы FISU, Халықаралық студенттік спорт федерациясы өткізеді

Универсиада_5_kaz
Ұйымдастырушылар:
- ҚР Премьер-министрі орынбасарының төрағалығымен Алматыда өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитеті
- Қазақстан Республикасы Студенттік спорт ұлттық федерациясы

Спорт түрлері

2017 жылғы қысқы Универсиада жарысы спорттың 12 түрі бойынша өтеді: Биатлон; Тау-шаңғы спорты; Кёрлинг; Конькимен жүгіру спорты; Шаңғы қоссайысы; Шаңғы жарыстары; Шаңғымен трамплиннен секіру; Сноуборд; Мәнерлеп сырғанау; Фристайл; Шайбалы хоккей; Шорт-трек.

Қатысушылар
Алматыда өтетін Қысқы универсиада жарыстарына 57 елден 2000-ға жуық спортшы қатысады.
Универсиада өткізу кезеңіне 3000 ерікті жұмылдырылды, олар шетелден, ел өңірлерінен. 30 мыңға жуық шетел қонақтары мен туристері келеді деп күтілуде.
86 комплект медаль ойнатылады.
Универсиада өткізуге 127 халықаралық судья, 600-ге жуық ұлттық техникалық мамандар қатысады. Барлық судьялық алқаны спорттың әр түрі бойынша ұлттық және халықаралық федерациялар бекітеді.

Қазақстан Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары оған 700-ден астам спортшы қатысты, 125 медаль ұтты.
2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы қабылдаушы қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш рет қысқы Универсиаданы өткізуде.


Соңғы жаңалықтар