Универсиада нысандары: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-інші Дүниежүзілік Қысқы универсиада нысандарының бірі - Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы.


Жалпы аумағы - 10 695 ш.м.

3 725 орынға арналып салынған бұл ғимаратың басты аренасында 5 киім ауыстыратын бөлме, төрешілер бригадасына арналған 1 бөлме, аумағы 17,5 мен 41,7 ш.м. құрайтын бапкерлерге арналған 2 бөлме, қатысушыларды аккредитациялайтын 1 бөлме, 2 жаттығу залы, хореография залы бар. Ал, кіші аренаның жалпы аумағы - 8 801 ш.м. құрайды. Онда өрерменге арналған 1100 орын, 4 киім ауыстыратын бөлме, 4 бапкерлер бөлмесі, 650 орынға арналған 8 қабатты паркинг бар.  Іргесі 1967 жылы қаланған ғимаратта соңғы жөндеу жұмыстары 2010 жылы өтті.

Универсиада кезіндегі спорт түрі:

Басты арена: әйелдер арасында шайбалы хоккей - 2017 жылғы 28 қаңтар мен 7 ақпан

Сырғанау аренасы: Шорт-трек - 2017 жылғы 3-7 ақпан аралығы

Орналасқан жері: Алматы қ, Абай даңғылы 44 


Соңғы жаңалықтар