Универсиада нысандары: Атлетикалық қалашық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-інші Дүниежүзілік Қысқы универсиада нысандарының бірі - Атлетикалық қалашық.


Нысан 5000 орынға арналған.

Жалпы аумағы: 24,41 га.

Құрылыс аумағы: 23 977,66 шаршы метр.

Тұрғын үй кешені U (Universiade) ағылшын әрпі іспеттес орналасқан 14 ғимараттан және қызмет көрсететін 3 блоктан тұрады. Сәулеттік жоспар бойынша барлық нысандар жартасқа салынған суреттердегі күн адамының бейнесін суреттейді. Атлетикалық қалашықта 14 қабатты тұрғын үйлердің аралығында басты әкімшілік орталық - операциялық блоктан тұрады. Сондай-ақ онда FISU ұйымдастырушыларының кеңсесі, 1000 орынға арналған асхана, бассейн, медициналық орталық, кинотеатр, дәстүрлі музыкалық аспаптар мұражайы орналасқан.  Универсиада аяқталғаннан кейін Атлетикалық қалашық студенттердің жатақанасы мен ұстаздарға тұрғын үй ретінде кепілдікке берілмек.

Орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойымен, Рысқұлов даңғылының солтүстігіне қарай.













Соңғы жаңалықтар