Универсиада нысандары: «Алатау» шаңғы және биатлон кешені

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Бесағаш» аңғарынан 1470-тен, 1540 метрге дейінгі биіктікте орналасқан «Алатау» шаңғы және биатлон кешені 2010 жылы 7-ші Қысқы Азия ойындары мен өзге де халықаралық жарыстарды ұйымдастыру үшін салынған болатын.


Кешеннің жалпы көлемі: 47 гектар

Кешеннің аумағында бірнеше көлік тұрағы, тікұшақ алаңы, старт-финиш пен ату аймағы бар.

Стадиондардың жоспары FIS, IBU-дың талабына сай, халықаралық стандарттармен жасалған.

Әр стадионның мінбері 3000 көрерменге арналған (1300 түрегеліп тұратын және 1800 отыратын орын).

Шаңғы трассасының максималды ұзақтығы  - 10 км, 5 км көк + 5 км қызыл екі айналымнан тұрады.

Биатлон трассасының максималды ұзақтығы - 4 км.

Трассалардың жалпы ұзақтығы -14 км.

Ойындар кезінде бұл жерде биатлон мен шаңғы сайысынан жарыстар өтеді.

Соңғы жаңалықтар