Универсиада: Денис Тен Қазақстан қоржынына 10-шы «алтынды» салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санаулы сәттер бұрын Универсиада ойындарында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламадағы жарыс аяқталды. Бұл додада Қазақстан намысын Денис Тен мен Абзал Рахымғалиев қорғады.

Сайыс «Қазақстан» ұлттық арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Денис Тен 266.97 ұпай жинап, Универсиада алтынын олжалады. Ал Абзал 12 орынға табан тіреді. Екінші орынды жапондық Кэйдзи Танака (252.09 ұпай) еншіледі. Ал қоланы Александр Майоров (246.56) қанжығалады.

Еске сала кетсек, кеше Универсиада-2017 жарысындағы мәнерлеп сырғанаушылардың қысқа бағдарлама бойынша сайысында қазақстандық Денис бірінші орынды иеленген еді.

Қазір Қазақстан 10 алтын, 2 күміс, 9 қола медальмен жалпы есепте екінші орында тұр. 

Соңғы жаңалықтар