Универсиада-2017: Вишневская Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда өтіп жатқан Универсиадада биатлон бойынша спринттік жарыста қазақстандық спортшы Галина Вишневская жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші орында украиналық спортшы Яна Бондарь, үшінші орынға ресейлік Анастасия Егорова табан тіреді.
Жарыс нәтижесі, екі оқ ату шебі бойынша:
1. Галина Вишневская (Қазақстан) - 21:43.1 (1+0)
2. Яна Бондарь (Украина) - +22.8 (1+1)
3. Анастасия Егорова (Ресей) - +36.7 (1+0)
7. Дарья Усанова (Қазақстан) - +1:06.0 (1+2)
8. Анна Кистанова (Қазақстан) - +1:11.1 (0+2)
12. Алина Райкова (Қазақстан) - +1:31.1 (0+1)
18. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +2:45.3 (2+2)
21. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) - +3:05.8 (1+2)

Еске сала кетсек, 31 қаңтарда биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстанға алғашқы алтынды әперді. Екінші алтынды сол күні қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық акробатика сайысында алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар