Универсиада-2017: Тау шаңғысы жарысының жүлдегерлері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында тау шаңғысы жарысында жеңіске жеткен спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс нәтижесінде бас жүлде ресейлік Елена Яковишинаға бұйырды. Ал күміс медаль финляндиялық Неа Луукконың, қола жапондық Аса Андоның қанжығасын майлады.

Тау шаңғысы жарысына еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Олардың бірі Екатерина Карпова - 28, ал Мария Григорева 29-орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар