Универсиада-2017: Бүкіләлемдік студенттер ойындарына қандай спорт түрлері енеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл жақындаған сайын, жағымды жаңалықтарға жанымыз құмартатыны жасырын емес. Соның бірі қазақ елінде тұңғыш рет алауы тұтанатын - XXVIII қысқы Дүниежүзілік Универсиада ойындары. Ол оңтүстік астанамыз әсем Алматы қаласында алдағы жылдың 28 қаңтарында басталып, 8 ақпан күні өз мәресіне жететін болады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Алматыдағы жарыс өтетін спорт нысандарын таныстырған болатынбыз. Ал бүгін осы  Дүниежүзілік Универсиада ойындарына қысқы спорттың қай түрлері кіретінін және олардың қысқаша ережелерімен таныстыруды жөн санап отырмыз.

Универсиада ойындарында Мәнерлеп сырғанау, Шорт-трек, Тау-шаңғы спорты, Сноуборд, Биатлон, Шаңғы жарысы, Шайбалы хоккей, Кёрлинг, Шаңғымен трамплиннен секіру, Шаңғы қоссайысы, Фристайл, Конькимен жүгіру спорты түрлерінен жарыстар өтеді.

Енді әр спорт түріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

Мәнерлеп сырғанау
Манерлеп сырганау  

Мәнерлеп сырғанау өзі жеке спорт ретінде XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. 1871 жылы конькишілердің бірінші Конгресінде мәнерлеп сырғанау жеке спорт болып мойындалды. 1882 жылы Австрияда мәнерлеп сырғанаушылардың бірінші жарысы өтті.

Қазір бес дисциплинаға бөлінеді: ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер арасында жекелей жарыс, жұптасып өнер көрсету, спорттық би және синхронды мәнерлеп сырғанау. Алғашқы төрт түрі Олимпиада бағдарламасына енген.

Шорт-трек
Шорт-трек  

Шорт-трек - хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Жарысқа бірнеше спортшы қатысады. (шарт бойынша 4-8: ара-қашықтық неғұрлым үлкен болса, жүгіруге қатысатын спортшылар да көбірек болады).

Шорт-трек Солтүстік Америкада пайда болды. Ең алғаш жарыс XX ғасырда өткен. 1967 жылы шорт-трек халықаралық конькимен жүгірушілер одағы ISU-дың құрамына кірді. Алғашқы әлем чемпионаты 1976 жылы АҚШ-та өткізілген. Ал ең бірінші командалық әлем біріншілігі 1991 жылы Сеулде өтті. 1992 жылғы Францияда өткен қысқы Олимпиада кезінде, шорт-трек олимпиаданың негізгі бағдарламасына енген.

Тау-шаңғы спорты
Тау шангы спорты  

Тау-шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған.  Бұл - слалом, алып слалом, супергигант слаломы,  шапшаң түсу және  таушаңғы қоссайысы.

Таушаңғы спортынан алғашқы халықаралық жарыс 1911 жылы Монтана қаласында өткен. Таушаңғы спортын дамытуды Халықаралық шаңғы спорты федерациясы   FIS жүзеге асырады. 1931 жылы  таушаңғы техникалық комитеті құрылған. Сол жылы Швейцарияның Мюррен қаласында тұңғыш рет осы спорт түрінен әлем чемпионаты өткізілген.

Сноуборд
Сноуборд  

Сноубордқысқы спорт түрі. Хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
1998 жылдан бастап, сноуборд қысқы Олимпиада бағдарламасына енді. Ал Олимпиада бағдарламасына енбеген «фрирайд» және «джиббинг» деген түрі бар.

Сноуборд Универсиаданың ең жас спорт түрі болып есептеледі. Универсиаданың бағдарламасына 1995 жылы Испанияда өткен 17-ші қысқы Студенттер ойынында енген. Ол кезде 10 елдің атынан 29 спортшы сайысқа түсті. Сол уақыттан бері сноуборд Универсиаданың негізгі спорт түріне айналды. Осы уақыт аралығында сноуборд 8 мәрте Универсиада ойындарының бағдарламасында болды.

Сайыстар бірнеше түрінен өткізіледі: Хафпайп, параллельді алып слалом, параллельді слалом, сноуборд-кросс, биг-айр, слоупстайл болып бөлінеді. Бұл түрлерінің дені Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Биатлон
Биатлон  

Биатлон шаңғы сайысы мен мылтықтан оқ атуды құрайтын олимпиадалық спорт түрі. 1993 жылдан бастап, осы спорт түрінен барлық жарыстар халықаралық биатлоншылар одағының IBU-дің бастамасымен өтіп жүр. Алғаш рет, 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Бастапқыда биатлон "әскери патрульдердің жарысы" деп аталды. Кейін, 1928, 1936 және 1948 жылдары өткен Олимпиада ойындарында биатлон көрнекі спорт түрі болды.

Шаңғы жарысы
Шангы жарысы  

Шаңғы жарысы - белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты.

Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Норвегиялықтардан кейін, шведтер мен финдер жарыс өткізе бастады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бірқатар елдер де ұлттық шаңғы клубтары пайда болды.

Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар - «классикалық стиль» және «еркін стиль».

1924 жылдан бастап, шаңғы сайыстары Олимпиада ойындарының ресми спорт түрі болып табылады.   Дәл осы жылы шаңғы спортының халықаралық федерациясы (FIS) құрылды. Шаңғы сайыстарынан бірінші әлем чемпионаты 1925 жылы Чехословакияда өтті. FIS шаңғы жарысының дамуына жауап береді. Сондай-ақ   трамплиннен шаңғымен секіру,  таушаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, фристайл және сноубордтың дамуын қадағалайды.

Шайбалы хоккей
Шайбалы хоккей  

Шайбалы хоккейшайбамен мұз үстінде ойналатын командалық спорт ойыны.

Ең алғаш хоккей ережелерін Канаданың Монреаль қаласындағы Мак-Гилл университетінің студенттері қалыптастырды. 1885 жылы дәл осы қалада әуесқой хоккей ассоциациясы құрылды. Араға бір жыл салып, алғашқы халықаралық кездесу канадалық және ағылшын командалары арасында өтті. Көп ұзамай хоккейге арналып, жасанды мұз алаңы бар жабық стадион салынды.

Қысқы Универсиада аясында хоккей жарысы 1962 жылы Швейцарияның Вилар қаласында өтті. Бұл жарысқа ерлерден 4 команда қатысты. Ал 2009 жылы Харбинде өткен 25-ші қысқы Универсиада кезінде әйелдер арасында да жарыс өте бастады. Сол кезде 6 елдің командасы қатысқан болатын.

Кёрлинг
Керлинг  

Кёрлинг - мұз алаңда өткізілетін командалық ойын.

Алғаш рет керлинг XVI ғасырда Шотландияда пайда болды. XIX ғасырда керлингтің бірнеше түрі шықты: шотландиялық, немістік және швейцариялық.

Ең көне керлинг клубы 1716 жылы ұүрылған Килсит қаласындағы шотландиялық ойыншыларының ассоциациясы болып табылады. Алғашқы керлингтен бүкіләлемдік чемпионат 1959 жылы ерлер арасында Эдинбург қаласында өткен. Әйелдер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты 1979 жылы өткен.

Керлинг Олимпиада бағдарламасына 1998 жылы енгізілген. Осы спорт түрінен алғашқы медальдар Нагано Олимпиадасында сарапқа салынды. Ал Универсиада бағдарламасына 2003 жылы Тарвизио өткен ойындарда қосылды. Сол ойындарда керлингтен сайыс қосымша спорт түрі ретінде өткізілді.

Шаңғымен трамплиннен секіру
Шангымен трамплиннен секиру  

Шаңғымен трамплиннен секіру - арнайы жабдықталған тұғырдан шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі.

Трамплиннен шаңғымен секіру қысқы және жазғы кезеңдерде өтеді. Дегенмен 90 метрден жоғарғы биіктікте, қысқы маусымда өтетін жарыстардың беделі жоғары болады.
Бастапқыда трамплиннен шаңғымен секіру, слаломның бір бөлігі болған. 1840 жылы алғаш рет слаломнан жарыс өткен. Алғашқыда тұғырдан секіру алысқа секірумен емес, қаншалықты биіктіктен секіргеніңмен өлшенген.

Алысқа секіруді 1868 жылдан бастап ескере бастаған. Бірінші тіркелген нәтиже - 19 метр. Жыл өткен сайын, аталған спорт түрінің ережелері өзгере бастады. 1945 жылдан бастап алысқа секіру ғана емес, секіруді қаншалықты дұрыс орындалуы да ескеріле бастады.

Шаңғы қоссайысы
Шангы коссайысы  

Гундерсен жүйесі бойынша жекелей жарыстар
Тұғырдан секіру- К 95 (NH), 10 km қашықтықта жарысу
Гундерсен жүйесі боынша командалық жарыстар
Тұғырдан секіру- К 95 (NH), 3х5 km қашықтықта жарысу

Шаңғы қоссайысы екі дисциплинадан тұрады: трамплиннен тұғырдан секіру және шаңғы сайысы. Сондай-ақ солтүстік комбинация деген атауы бар. 1924 жылдан бері бұл спорт түрі Олимпиада бағдарламасына енген.

Соңғы жылдары шаңғы қоссайысының дәстүрлі бағдарламасы біраз өгерістерді бастан кешірді. Бүгінде екі жекелей дисциплинадан жарыстар өтіп жүр: К-95 және К-125 тұғырынан секіру, одан әрі 10 км қашықтыққа еркін стильде шаңғымен жарысу. Гундерсен әдісі бойынша жекелей және командалық жарыстар (4×5 км эстафета) өтеді.

Командалық түрі - 4×5 км эстафета: Командадағы 4 қатысушының әрқайсысы бір-бірден тұғырдан секіріп, шаңғымен жүгіріп жарысады.

Фристайл
Фристайл  

ФристайлОлимпиада ойындарының бағдарламасына енген шаңғы спортының түрі. Фристайл бес дисциплинадан тұрады : шаңғы акробатикасы, могул, ски-кросс, халф-пайп, слоуп-стайл. Аталған спорт түрінен бірінші жарыс 1966 жылы АҚШ-тың Аттише қаласында ұйымдастырылған. 1978 жылы фристайлан бірінші Әлем кубогі өткізілген. Араға 8 жыл салып, 1986 жылы Францияда алғашқы Әлем чемпионаты өтті.

Конькимен жүгіру спорты
Конькимен жугиру спорты  

Конькимен жүгіру спортымұзда шапшаң қимылдап, жүгіруді талап ететін спорт түрі.

Бірінші конькимен жүгіру клубы 1604 жылы Шотландияның Эдинбург қаласында құрылған. 1763 жылы Ұлыбритания мен АҚШ арасында бірінші жолдастық кездесу өткізілген. Конькимен жүгіру спортының ең алғашқы ережелері 1772 жылы Англияда құрастырылды.

Ерлер арасында конькимен жүгіру Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1924 жылы енгізілген. 1960 жылдан бері Олимпиада ойындарында әйелдер арасында да жарыс өтіп жүр. Сайыстар төрт қашықтықта өткізілген - 500, 1500, 5000, 10000 м және көпсайыс.

Соңғы жаңалықтар