Универсиада-2017. 6 ақпан күні өтетін жарыстар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда спорт жанкүйерлері үшін өте қызықты және көптеген жарыстар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 ақпан күні «Алматы Арена» сарайында сағат 16-00-де керлингтен ерлер мен әйелдер арасында қола жүлде үшін жарыстар өтеді.

Шайбалы хоккейден «қола» мен «алтын» үшін болатын бәсеке Балуан Шолақ спорт сарайында әйелдер арасында сағат 16-30-да және 20-00-де өтеді.

«Шымбұақта» слалом спорты бойынша жарыстар ұйымдастыру көзделген. Уақыты сағат 10-00 және 13-00.

Сонымен қатар биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы фристайлы, конькимен сырғанау спорттары бойынша да жарыстар өтпек.

Аталған шаралар туралы толығырақ мына жерден біле аласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар