Үндістанның инфрақұрылымдық және брокерлік компаниялары Қазақстан нарығына кіруге ниетті

None
None
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат -  22 ақпанда Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толады. Осы жылдары  Қазақстан Орталық Азиядағы Үндістанның ірі сауда-саттық әріптесі  атанды - елдер арасындағы тауар айналымы Делидің барлық қалған Орталық Азия  республикаларымен   жүргізетін сауда көлемінен едәуір жоғары. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сәрсенбаев айтты.

 «Қазақстан посткеңестік кеңістіктен Үндістанның екінші ірі сауда әріптесі саналады.  Тауар айналымы Делидің барлық қалған Орталық Азия республикаларымен  сауда-саттығы көлемінен едәуір жоғары. 2016 жылы қаңтар-қарашада қазақстандық-үндістандық тауар айналым 618,4 млн доллларға артты, оның ішінде ҚР экспорты - 414,6 млн., ал импорт - 203,8 млн доллар. 2005-2017 жылдары Үндістанның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 245 млн долларды құрады. Ал Қазақстан Үндістанға 83 млн доллар инвестиция құйды», - деді ол.

Дипломат статистикалық деректер келтірді, оған сәйкес Қазақстанда Үндістанның қатысуымен 400-ден астам компания тіркелді, оның 100-ден астамы ҚР-да белсенді бизнеспен айналысуда. Үндістандық компаниялардың инвестициялары мұнай-газ, тау-кен-металлургиялық, болат құю, туристік салаларға, сондай-ақ сауда, мейрамхана бизнесіне және басқа да қызмет көрсету салаларына бағытталды.

«Арселор Миттал Темиртау», SUN Group, Punjab National Bank және ONGC Videsh Ltd. Қазақстандағы Үндістанның жетекші компаниялары болып табылады.  Қазіргі уақытта  GMR (инфрақұрылымдық компания), Jaypee Group (инфрақұрылым, энергетика, цемент, жылжымайтын мүлік құрылысы) және Dastur KM (брокерлік  компания)  ірі үндістандық ойыншылар  қазақстан нарығына кіру мүмкіндіктерін зерделеуде», - деп атап өтті Б.Сәрсенбаев.

Ол 2015 жылғы 7 шілдеде екі елдің премьер-министрлерінің қатысуымен телекөпір арқылы 25 пайыз үлесі үндістандық ONGC Videsh Ltd компаниясына тиесілі Сәтпаев мұнай кен орнында бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бұрғылау жүйесі іске қосылғанын еске салды. Ол кезде 2015-2019 жылдар кезеңінде Қазақстан Үндістанға 5 мың тонна табиғи уран жеткізетіні жайында уағдаластыққа қол жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар