Үндістанда жол апатынан 7 адам қаза тауып, 20-сы зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысында Батыс Бенгалия штатында сенбі күні болған жол апатынан 20 адам жарақат алып, жеті адам мерт болды. Бұл туралы полицияның жоғары шенді өкілі мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

«Оқиға 20 қаңтар күні таңертең болған, Муршидабад округінің Белдангесінде жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылған», - деді ол.

Жеті адам оқиға орнында мерт болған, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде тоғыз адам ауыр халде жатыр.

Куәгерлер полицияға хабарлағандай, жүйіткіп келе жатқан көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.

«Тергеу амалдары басталды», - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз. 

Соңғы жаңалықтар