06:25, 26 Қыркүйек 2016 | GMT +6
Үндістанда селфи жасамақ болған ер азаматты жылан тістеп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға Үндістанның солтүстік-батысындағы Раджастхан штатында болды. Селфи жасамақ болған ер адамды әбжылан тістеп алды, деп жазады Sky News.
Сондай-ақ бұл жағдайдың жергілікті мектептердің бірінен жылан шыққан соң орын алғаны айтылады. Сондай-ақ жыланды ұстау кезінде ол орман департаментінің қызметкерін иығынан тістеп алған. Алайда, азаматтың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.