Үндістанда пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Уттар-Прадеш штатында пойыз рельстен шығып кетіп, 20 адам құрбан болды, деп хабарлайды Gazeta.ru ETV UP сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаның салдарынан тағы 30 адам жарақат алды. Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келді.

Сонымен қатар Reuters агенттігінің хабарлауынша, 150-ден кем емес адам зардап шекті. Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар