Үндістанда маоистер 24 полицейді өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Чхаттисгарх штатында көтерілісші -маоистер 24 полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы дүйсенбіде белгілі болды деп хабарлады BBC News.

Тәртіп сақшылары Сукма округінде жол салып жатқан жұмысшыларды күзетіп тұрған.

Кей деректерде оларға 300 содыр шабуылдағаны айтылады.

Осындай шабуыл өңірде 11 наурызда да болған, ол кезде 12 полицей көз жұмды.

Қарулы маосит тобы Үндістанда өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері бар. Мақсаттары ел аумағында өзін-өзі басқаратын «еркін аймақ» құру.

Наксалиттерге бірнеше атышулы лаңкестік пен шабуылдар жасады деген күдік тағылуда. 2016 жылы наурызда олар ұйымдастырған шабуыл салдарынан Чхаттисгарх штатында жеті полицей қаза тапқан. Чхаттисгархта полиция қызметкерлеріне ірі шабуыл 2010 жылы болған, ол кезде содырлар 75 полицейді өлтірген. Содан кейін мемлекет өңірде ауқымды лаңкестікті бақылау операциясын бастаған.

Соңғы жаңалықтар