Үндістанда кинотеатрда әнұран ойналғанда орнынан тұрмаған 12 адамды тұтқынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнділік әнұран жаңа ереже бойынша, әрбір сеанс басталар алдында ойналады және оны жұртшылық орнынан тұрып тыңдауы қажет. Үндістанда полиция кинотеатрда әнұран ойнағанда орнынан тұрмаған 12 адамды тұтқындады, деп хабарлайды AP.

Оқиға  халықаралық кинофестиваль кезінде болды. Ұсталғандарды кепілдеме негізінде босатқан.

Бұдан бұрын Үндістанның жоғарғы соты патриоттық мақсатта әрбір киноның көрсетілімі алдында әнұран шырқалатындығын және оны көрермендердің барлығы орындарынан тұрып тыңдаулары тиіс екендігі  жайлы шешім қабылдаған болатын, деп жазады life.ru.

Соңғы жаңалықтар