Үндістанда қабыланнан қашқан полицей шатырдан секіріп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Одиша провинциясының шығысындағы орманмен шектесіп жатқан Кантабанджи қаласына қабылан кіріп кетті, деп хабарлайды

Кенттегі қоймалардың біріне жасырынған жыртқышты қолға түсіру оңайға соқпады. Қабыланды сыртқа шығару үшін әрекет еткен полиция қызметкері өзіне тап берген жыртқыштан құтылу үшін шатырдан секіріп кетті.

Indian Express басылымының жазуына қарағанда кенттегілердің үрейін ұшырған қабыланды құрықтау үшін жұртшылық 12 сағат әуре-сарсаңға түскен. Осы әурешіліктің тек соңғы жағын қауіпсіз жерден бақылағандар видеоға түсіріп алған.
 

Басылымның жазуына қарағанда, басын қатерге тіккен полицей зардап шеккен. Қабылан сонымен қатар, үш адамға жарақат салған. Қазір торға қамалған қабылан елдің шығысындағы Нанданкенен қорығына жіберілмекші.

Соңғы жаңалықтар