Үндістанда ауруханадағы өрттен 23 адам ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Бхуба-нешвар қаласында аурухана өртеніп, 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» осы елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтемемен.

Алдын ала ақпарат бойынша, от бөлмедегі электр сымының тұйықталуынан шыққан. Өрттің лезде таралғаны сонша, науқастардың дені ғимараттан шығып үлгермеген.

500 адам құтқарылды. 120-сы ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, басым бөлігі жарақаттанған. Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди олардың барлығын Медициналық ғылымдар институтына жеткізуді сұрады. Себебі бұл ғимаратта, сапалы заманауи емдеу қондырғылар бар.

Полиция тергеу жүргізуге кірісті 

Соңғы жаңалықтар