Үндістанда алкогольге қарсы акцияға 25 млн адам шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Бихар штатында 25 миллионға жуық адам бір-бірімен қол ұстасып, 2016 жылы қабылданған шаттың бүкіл аймағында спиртті ішімдіктерді сату мен пайдалануға тыйым салу туралы заңды қолдап, шеп құрды, деп хабарлайды Gazeta.ru Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті шенеуніктер акцияға шыққан адамдардың бұрын-соңды болмаған ең ұзын адамдар шебін құрғандығын айтады, оның ұзақтығы 11 километрге созылған және штаттың 38 ауданынан өткен. 

Олардың сөздерінше, акцияға қатысушылар құрған шеп үш жерсерігі мен 4 оқу-жаттығу ұшақтары мен 40 дрон арқылы түсірілген. Ұйымдастырушылар аталған оқиғаны Гинестің рекордтар кітабына енгізуді ұсынған.

Мұндай акция ұйымдастырудың мәні алкогольді ішімдікке қарсы енгізілген заңнан кейін жергілікті оппозиция өкілдерінің оған қарсы шығуымен байланысты болып отыр. Ал, жергілікті тұрғындар билік өкілдерінің бастамасын қолдайтындықтарын дәлелдеді. Заңды сонымен қатар елдің премьер-министрі Нарендра Моди мен рухани көшбасшы Тибеттің далай-ламасы да мақұлдады.

Қазан айында Ирак президенті алкогольді сатуға шектеу қою шарасын қайта қарауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар