Үндістанда 170-ке жуық адам аптап ыстықтан көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Теланган штатында сәуір айының басындағы аптап ыстықтан ең кем дегенде 167 адам көз жұмды, деп жазылған Deccan Chronicle басылымының сенбі күнгі санында.

Мұндай мәліметтер Теленгандағы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттікке  аймақтық билік орындарынан түскен.

Соңғы бірнеше күнде Теленгандағы сынап бағанасы  40 градустан төмендемей тұр. Сонымен қатар, штаттың кей аймақтарында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Аптап ыстық аталған штатта әлі бірнеше күн сақталады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар