Үндістан студенттері Қазақстанда білім алуға ынтызар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда 13 мыңа жуық шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде бізде 4 өкілдік бар, яғни олар Ресейді, АҚШ-ты, Германияны, Қытайды қамтып отыр. Қазіргі кезде  Үндістанда және Өзбекстанда өкілдік ашу туралы тиісті тапсырма бар. Бұдан бұрын біз тек «Болашақ» бағларламасы аясында ғана жұмыс істейтінбіз, енді өкілдік көмегімен шетел студенттерін Қазақстанға тартумен айналысамыз. Бүгінде елімізде 12 880 шетелдік студент білім алып жатыр. Біз бұл көрсеткішті 50 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз»,-деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, шетелдік студенттер саны бойынша жақсы көрсеткіш Қарағанды мен Алматыдағы медициналық оқу орындарында байқалып отыр. Бұл ЖОО-ларда бірнеше мың Үндістан азаматы білім алуда. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 800 түрікмен оқып жүр.

Бұданбұрын хабарланғандай , Жанболат Мелдешев «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылғанын мәлім етті.

 

Соңғы жаңалықтар