Үндістан джунглиінде маймылдар арасында өскен қыз бала табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде маймылдардың арасында тұрып келген қыз бала табылды. 

Бұл туралы «Лента.ру» сайты Times of India-ға сілтеме жасап хабарлауда.

Баланы полиция қызметкері Суреш Ядав (Suresh Yadav) Катарниагхат (Уттар-Прадеш штаты) қорығының аумағын кезекшілік тексеру барысында тауып алған.

Сегіз жасар қыз әбден ашыққан, үстінде киімі болмаған. Оны джунглиден алып кету барысында маймылдар мазасызданып, қарсылықтарын білдірген. Қыз да ол жерден кеткісі келмеген. Полицейге әріптестерін көмекке шақыруға тура келген.

Атап өтілгендей, бала сөйлеу білмейді, жерден тамақтанады және төрт аяқтап жүреді.

Ол ауруханаға жеткізілді. Полиция «мауглидің» тұлғасын және оның орманға қалай түскенін анықтайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар