Үндістан азаматтарына визасыз режім берілуі мүмкін - Үкімет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режімді енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, соңғы жылдары әуежайлардың инфрақұрылымы xалықаралық талаптарға сай жасақталды. Бірнеше қала қалды. 2020 жылға дейін осы жұмысты аяқтау қажет. Ақша бар. Енді, жүктелген міндеттерді дер кезінде орындау қажет», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Осы орайда Үкімет басшысы жолаушылары тасымалының артып жатқанын ерекше атап өтті. «Төрт жыл бұрын бізде жолаушылар транзиті нөлдік деңгейде болған. Қазіргі кезде біз 800 мың адамның межесіне шығып отырмыз. Осы орайда Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режімді енгізу мәселесін пысықтауымыз қажет. Осы елдің xалқы миллиардтан асатынын ескерсек, өз жеріміз арқылы өтетін жолаушылардың көлемін айтарлықтай ұлғайтуға болады деп ойлаймын. Осы мәселені шешсек, 800 мың жолаушылар транзитін 1 миллионнан асыра аламыз», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар