Үнді билігі салмағы 500 келі мысырлық әйелге көмектесуге ұйғарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның ішкі істер министрі Сушма Сварадж мысырлық әйел Эман Ахмед Аб Эль Атидің виза алуына көмектесті. Ол дәрігерлерге көрінбек болған , деп жазды сәрсенбі, 7 желтоқсанда International Business Times басылымы.

Үнділік бариатрия хирургиясының  маманы Муффазал Лакдавала (Muffazal Lakdawala) журналистерге онымен Эман Ахмедтің әпкесі хабарласқанын айтты.

«Ол таныстарынан семіздік дертіне шалдыққандарды емдейтіндігімді естіген»,-деп түсіндірді ол. -Бұлар кедей отбасы, Каирдан Мумбайға чартерлік рейспен келуге жағдайлары жоқ. Сондықтан біз визамен айналысуларын сұрадық  ал қаржы жинауды мен өз мойныма алдым».

 Бірақ Эман Ахмедтің туыстарына  виза алу қиынға соқты.

 Елшілік тексеруге 20 жылдан бері төсектен тұрмаған әйелдің өзі келуін талап еткен. Осы түйткілді шешу үшін дәрігерге Twitter арқылы Үндістан ішкі істер министрі Сушме Свараджға жүгінуге тура келді. »Біз оған көмектесеміз» деп жауап берген министр.

Артынша Лакдавала Twitter-де визаның берілгенін және салмағы 500 келі мысырлықтың ота жасату үшін Мумбайға келе жатқандығын жазды. 

Соңғы жаңалықтар