Ұлжай қыстағына жай түсіп, өрт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Абай ауданында найзағай салдарынан салдарынан болған өрт ауыздықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлжай қыстағындағы шаруашылық құрылыстарының біріне жай түсіп, өрт болды. Лапылдаған жалын қысқа сақталған шөпті шарпыды.

Жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі қыстақтан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Олар жеткен бойда  бірден маңайдағы үйлерді аман алып қалудың әрекетін жасады. Өрттен қорғаушыларға тілсіз жауды ауыздықтаудың сәті түсті.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өрт аумағы 300 шаршы метрді қамтыды.

Өрт сөндіруге үш техника, өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан тоғыз адам жұмылдырылды, делінген ШҚО ТЖ департаментінің хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар