Ұлыстың Ұлы күнін маңғыстаулықтар қалай тойлайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақтың жаңа жылы - Әз наурызды маңғыстаулықтар 4 күн бойы тойлайды.Өңірде әр түрлі шаралар өтеді. Киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылады. Алтыбақан құрылып, спортық ойындардан жарыстар болады.

Ертең Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз тойы 15 шағынаудандағы теңіз жағалауы алаңында атап өтіледі. Мұнда киіз үйдерден этно ауыл құрылып, қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала кәсіпкерлерінің сауда-саттық қызметі мен тәттілер жәрмеңкесі болады. Түрлі спорт сайыстар: арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күшін сынасу, тоғызқұмалақтан жарыс өтеді.

Дәл осы күні Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті студенттерінің мерекелік концерті мен «Алтыбақан» ойын-сауық бағдарламасы, жастардың жаңа жылды қарсы алу рәсімі болады. Шара таңертеңгі 11-ден түнгі 11-ге дейін жалғасады.

Ал, 22 наурыз күні теңіз жағалауы алаңдағы шара жалғасады. Таңертең 11-де «Ұлыс күні - Ұлы көш» мекемелер еңбек ұжымдарының шеруі, «Әз Наурыз - татулық мерекесі!» атты театрландырылған көрініс және мерекелік концерт өтеді. Ал, 12-де орталық алаңда «Бауырсақ-пати» ұйымдастырылады.
null 

Теңіз жағалауындағы мерекелік сахнада түстен бастап «Ұлтымыз, Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды!» Абай атындағы мәдени-демалыс кешені балалар шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, қалалық «Жыр-ғұмыр» атты кәсіби жыршы-термешілер байқауы, шұбат-пати, тұрғындар арасындағы шұбат ішу, бауырсақ жеуден жарыс, өнерлі жастардың концерті, М.Өскінбаев атындағы облыстық филармония, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының мерекелік концерті болып, мерекелік отшашумен аяқталады.

Ал, 23-і күні көркем гимнастикадан Ақтау қаласы әкімі кубогының жүлдесі үшін Ақтау қалалық ашық жарысы басталады. Сонымен бірге, ұлттық спорт түрі «Қазан» сайысы ұйымдастырылады. Ал, кешке теңіз жағалауында наурыз мерекесіне арналған жастар домбыра кеші болады.

Наурыздың 24-ші жұлдызында «Музыкальный вояж» ән орындаушылар сайысының концерттік шоуы басталады.

Соңғы жаңалықтар