Ұлыбританияда жүз жасағандардың рекордты саны атап өтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Ұлыбританияда жүз жасқа толған қарттардың рекордты саны тіркелді.

Бүгінде Ұлыбританияда 100 жастан асқандардың саны 14,57 мыңға жетті. Сонымен бірге, 2002 жылдан бері ғасыр жасаған британдықтардың саны екі есеге өскен. «Біріккен Корольдікте жарты миллионға жуық 90 жастан асқан қария бар», - дейді Біріккен Корольдіктің Ұлттық статистика қызметінің мамандары.

Соңғы онжылдықта 105 жастан асқан британдықтар саны екі есеге көбейді, бүгінде олардың саны 850 адам. 

Соңғы жаңалықтар