Ұлыбританияда Uber қызметіне тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұманды Альбион билігі Uber такси қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. 

Қаладағы көлік қатынасына жауап беретін басқарманың мұндай қадамға баруына Uber компаниясының қосымша құн салығын төлемеуі түрткі болған. Сондай-ақ, Uber жолаушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпеген. Оның үстіне британдық депутаттар әр 11 күн сайын осы қызмет бойынша қылмыстық істің тіркелетінін анықтаған.
Маусым айында Uber таксиін жүргізушілер тарапынан жыныстық зорлық әрекеттерінің әшкере болуына байланысты осы компанияның негізін қалаған Трэвис Каланик қызметінен кеткен еді.
Айта кетейік, Uber такси қызметі Лондонда 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қосымшаның көмегімен 400-ден астам такси жүргізушілері осы жүйеге қызмет істеген. Ал үш жарым мыңдай адам жолаушы ретінде онлайн қызметтің көмегіне жүгінген.

Соңғы жаңалықтар