Ұлыбританияда әуеде ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда әуеде ұшақ пен тікұшақ соқтығысып қалып, 4 адам ажал құшты. Оқиға Бакингемшир графтығына қарасты жерде болған, деп хабарлайды Press Association.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 12:00 шамасында Лондоннан 30 шақырым жерде орналасқан Хай-Уиком қаласы маңында болған. Екі ұшу аппараты да апат болған жерге жақын орналасқан Wycombe Air Parkк әуежайына тиесілі болып шықты.

Жергілікті полиция әр ұшақта екі адамнан болғанын нақтылады. Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар