Ұлыбритания ғалымдары тері жасушаларынан жасанды ми өсіріп шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда нейробиологтар тері жасушаларынан жасанды ми өсіріп шығарды. Жасушалардың микроскопиялық көшірмесі қарапайым Петри табақшасынан алынды.

Ғылыми жұмыс Кембридж зертханалардың бірінде жүргізілді. Ғылыми тәжірибе авторы - нейробиолог Мэдлин Ланкастер.

Оның сөзіне қарағанда, бұл идея балалық шағынан пайда болған. Оның әкесі де ғалым болған және Мэдлинге адам ағзасындағы нейрондық жүйе туралы айтып берген.

Мэдлин өсіріп шығарған миы сезім мен түйсінуге қауқарсыз екенін атап өтті. Алайда, алынған модель ғылымға  шизофрения және аутизм, сонымен қатар өзге де жүйкелік ауытқушылық проблемаларын түсінуге ықпалдасады, деп хабарлады VistaNews.

 

Соңғы жаңалықтар