Ұлыбритания Еуроодақты Brexit-тен кейін елдің құпия мәліметтері тарап кетуіне жол бермеуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания үкіметі Brexit-тен кейін елдің құпия мәліметтерінің тарап кету қаупін болдырмауды сұрап Еуроодаққа жүгінді. Бұл жайлы дүйсенбі күні The Guardian газеті хабарлады.

Басылым мәліметінше,  бұл жерде сөз Ұлыбританияның Brexit  басталғанға дейн ЕО-ға мүше елдермен келіссөздер барысында бөліскен экономикалық құпия мәліметтері туралы болуы мүмкін, деп жазды ТАСС.

Біріккен Корольдік билігі Еуропалық одақты бұл мәліметтерді құпия түрде қалдыруға шақырады. Басылым аталған мәлімдеменің Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы сенімсіздіктің өсіп келе жатқандығын білдіретіндігін жазған. Бұған дейін ел үкіметі бірқатар Brexit аспектілері бойынша Лондон позициясын баяндайтын жаңа құжаттар жариялаған болатын.

Құжаттарда Ұлыбритания және ЕО арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ Brexit-тен кейін Біріккен Корольдікте тарап кетпейтін Еуропа соты құзіретінен тыс  ЕО азаматтарының құқығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. 

Соңғы жаңалықтар