Ұлыбритания елшісі Қазақстан туралы видеоблог жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майк Гиффордтың алғашқы видеоблогы пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Видеоролик елшінің үш тілде амандасуынан басталады.Ол Қазақстанда жүргенін, келгеніне бірнеше апта ғана болғанын және өз жұмысын елмен-жермен осылай танысудан бастағысы келгенін айтады.

Алдымен Астананың орталық базарына барған Майк Гиффорд ірімшік, талқан, құрт сияқты қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татады.

Сонымен қатар ол «Астана Опера» театрына таң қалғанын айтып, «Тоска» операсын тамашалағанын жеткізді.

«Осы видеоблог арқылы сіздермен тілдесіп отырамын. Елді аралап көріп, сіздердің мәдениеттеріңіз бен салт-дәстүрлеріңізді елдің тарихын, әдебиетін, өнерін тереңірек тануға тырысамын. Қазақстан болашағы зор мелекет, осы тұрғыдан алғанда Ұлыбритания оның барлық бастамасына қолдау білдіруге дайын», - деді Майк Гиффорд.

Соңғы жаңалықтар