Ұлыбритания Brexit процесін бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елді Еуроодақ құрамынан шығару рәсімінің басталғаны туралы ЕО билігіне хабар беретін хатқа қол қойды, деп хабарлайды ТАСС.

Британдық газеттердің хабарлауынша, бұл хатты Британияның ЕО жанындағы тұрақты өкілі Тим Барроу Брюссельде Еурокеңес басшысы Дональд Тускке жеке тапсыруы тиіс.

Сәрсенбі күні Мэй Brexit рәсімін бастау туралы Брюссельді ресми түрде хабардар еткендігі туралы британдық парламентке мәлімдеуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар