Ұлы дала ұландары: Шымкентте домбырашылар флешмобы өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Ұлы дала ұландары» атты домбырашылар флешмобы өтті. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушылары адам көп шоғырланған «Шымкент Плаза» сауда орталығында қазақтың бірнеше күйін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50-ге жуық  домбырашы  күмбірлете күй тартқанда  оларға тамсана да таңырқай қарағандар көп болды.    Құрманғазының «Сарыарқасы» мен «Балбырауын», Сүгірдің «Бозінгенін» бір деммен, ерекше леппен тартып, жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. 

Жалпы, жыл сайын домбырашылар флешмобын өткізу зияткерік мектебінің оқушылары үшін дәстүрге айналған. Өйткені білім ошағында «100 күйдің тарихы» атты жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы жоба аясында өткенді ұмытпай, бүгінгіні ұлықтауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Айта өтейік, аталған флешмоб бір мезетте Қазақстанның барлық облысындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде ұйымдастырылды. 

Соңғы жаңалықтар