«Ұлы Дала театры» Брюссель жұртшылығын тәнті етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгияның Брюссель қаласында Республикалық академиялық неміс театры, «Astana Musical» театры және «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі үлкен жетістікпен өнер көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.



Ведомство мәліметінше, қазақстандық шығармашылық ұжым қазақ және әлем жауһарлары болып саналатын үздік музыкалық шығармаларды қойды. Атап айтқанда, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелденумен «Astana Musical» театры «Қыз Жібек» қойылымын, Неміс театры «Қарагөз» туындысы сахналады.

«Біздің Еуропаның бес ірі астаналарында тур жасауымыз «Ұлы дала театры» имидждік жобаларының бірі болып табылады. Бізді жылы қабылдап, өнерімізге жоғары баға берген Еуропа көрермені ерекше қуантады» , - деді Неміс театрының жетекшісі Наталья Дубс. Сұлу Қарагөздің Сырым ақынға махаббаты туралы аңыз Наталья Дубс сияқты талантты режиссердің қойлымы арқылы жаңа тартымды сипатқа ие болды. Ол бірінші рет БҰҰ-ның алты тілдерінің бірі неміс тілінде бірінші рет қойылды. Сыншылардың пікірінше, «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.

Ал жас қазақ театры Брюссель тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сыйлады. «Қыз Жібек» - қазақ фольклорының інжу-маржаны. Сүйіспеншіліктің әнұраны болып табылатын туынды - халықтың поэзиялық мұрасының барлық салтанатты ұлылығын сіңірген.

«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отырған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді деп ойлаймын. Бұл өз мүмкіндіктерімізді жоғары деңгейге көтеру және әлемге ұлттық мәдениеттің жетістіктерін көрсету үшін тамаша мүмкіндік», - дейді «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров.























Соңғы жаңалықтар