«Ұлы Дала елі» атты халықаралық жыр кеші түбір бір түріктің жаны мен ділі бір екенін көрсетті - Алмас Алматов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлы Дала елі» атты жыр кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

От ауызды, орақ тілді дүлдүл ақындардың басын біріктірген бұл шара бұрынғыдан өзгерек болды. Оған Алмас Алматов, Амандық Көмеков бастаған жыршы-термешілермен қатар, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Қарақалпақ, Ноғай елдерінің жыршылары қатысты.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бабалар дәстүрін жалғаған, Тәуелсіздікке жыр арнаған сазды кештің қонағы болды.
Жыр кешін жүргізген танымал жырау, фольклортанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Алмас Алматов жүргізді. Кеш соңында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Алмас Алматов: «Ұлы дала елінің» 1 000 жылдық мәдениеті арқалаған Орта Азия, Түркменстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Башқұртстаннан өнерпаздардың келуі түбі бір түркі халықтарының мәдениетінің де, әдебиетінің де қаны мен жан-ділінің де бір екенін білдіреді», - деген пікір айтты.

null  

Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдына шықты. Нақтырақ айтқанда, 10 жастағы Оңғарова Арай мен 14 жастағы Мағжан Нұрбергенов және 11 жастағы Маржан Әбдірахманова ұлт мұрасының тұнығынан нәр татырды.

null  

«Кеш өзінің мазмұндық деңгейін жақсы жетті. Өнер мұрагер ұрпақтар арқылы дәстүрлі сипатқа ие болады десек, біз дәстүрімізден айырылмауымыз керек. Жырлаулардың төрт буыны, аға буын, орта буын, жаңа өздеріңіз көргендей жас буын бүлдіршіндерге дейін өнер көрсетті. Осыны ұйымдастырған Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасына алғысымызды айтамыз. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кешімізге өте жоғары баға берді. Келешекте бұл кешті тағы да жоғары деңгейде ұйымдастырамыз деген айтты. Осы мәселеде қайтадан жолығатынымызды, үлкен жобалар жасайтынымызды ескертті», - деді Алмас Алматов. 

null  

Айта кетейік, кеште «Елібайдың сөз басы», Наурызбектің «Әнес сақаба», Майлықожаның «Ата-ананың қадірі» термесі, Бұқар жыраудың «Абылайға Бөгенбайдың өлімін естіртуі», Қарасақал Ерімбеттің «Айтамын сөздің төтесін» сынды толғау-жырлары, Жамбылдың «Домалақ ана» дастаны орындалады.

null  

Жыр да, жыршы да түркі халықтарының мәдениетінде ерекше орын алады. Әсіресе, суырып салма жыраулар қай заманда болмасын халықтың зор ықыласына бөленген. Жыраулық дәстүрді қалыптастырған бабалардың көзі кетсе де, сөзі ұрпаққа мәңгі мұра боп қалды. Бүгінде жыраулық мектепті жалғастырып жүрген башқұртстандық өнерпаз Рамиль Гайзуллин, өзбекстандық Мухаммад Эшбоев, қарақалпақстандық Жәнібек Пиязов, қырғызстандық Азиз Бимырзаұлының орындауындағы дастандар мен жырлар ұлттық өнерге шөліркеген халықтың көңілін қуантты.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар