Ұлттық ұландықтар қоян-қолтық ұрыстан өзара мықтыны анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының біріншілігі өтті. Жарыста офицерлер, келісімшарт негізіндегі әскери қызметкерлер және сарбаздар, барлығы 41 қатысушы 9 түрлі салмақта өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді хабарлағандай, жарыстың қонағы ретінде ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, AIBA ұйымының халықаралық дәрежедегі төрешісі Қуат Құдайбергенов, ҚР Регби федерациясының президенті Мұрат Ұранбаев, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында Қуат Құдайбергенов Ұлттық ұландықтарға Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) атынан естелік ретінде арнайы кубок табыс етті.
null

Жарыс қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар:

55 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты Семейдегі 5511 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері К.Шолпанбаев;

60 кг салмақта қатардағы жауынгер Е.Арынғазинов, 65 кг салмақта Павлодардағы 5512 әскери бөлімінің ефрейторы Р.Махмутов;

70 кг салмақта Өскемендегі 5518 әскери бөлімінің кіші лейтенанты А.Байғожин;

75 кг салмақта аға лейтенант О.Жанәділов;

80 кг салмақта Семейдегі 5511 әскери бөлімінің аға лейтенанты Р.Әмірғазин;

85 кг салмақта өңірлік қолбасшылыққа қарасты Өскемендегі 5518 әскери бөлімінің кіші сержанты Ф.Ахмеджанов;

90 кг салмақта Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері К.Нұрмұхашев;

90 келіден астам салмақта Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің сержанты А.Бекенов.

Аталған жүлдегерлер ақпан айының 15-18 аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды.

null

Соңғы жаңалықтар