Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған жеті жасар баланы тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат -  ҚР Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімінің жауынгерлері Оралда адасып кеткен жеті жасар баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10 тамыз күні Әбілқайыр хан көшесімен жалғыз жүрген жеті жасар Ермекті құрамында лейтенант Қазбек Таңсықов, қатардағы жауынгерлер Әлішер Жақасов пен Виктор Шкокк бар топ байқап, оны үйінен ойнауға шығып, адасып кеткенін білген. Олар баланы үйіне апарып, ата-анасының қолына тапсырған. Бұл кезде ата-анасы ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға хабар беріп те қойған.

Адасқан баланың әкесі Нұржан Мәмбетов ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиевтің атына хат жазып, әскери қызметкерлерге алғысын білдірген. Қырағылық көрсеткені үшін Ұлттық ұлан жауынгерлері ынталандыруға ұсынылды. Олардың мұндай үлгілі іс-әрекеті Н.Мәмбетовтің хатынан кейін ғана белгілі болған, өздері мұны қызметтік борышы санап, ешкімге айтпаған.

 

Соңғы жаңалықтар