Ұлттық ұлан курсантының өліміне күдіктіге үкім шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты Ф.Тілектесовке қатысты қасақана адам өлтіргені үшін үкім шығарды. Бұл жайында ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес Петропавл қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының аумағында курстанттар Н.Байғожин мен Ф.Тілектесовтің арасында болмашы жанжал шыққан.

2017 жылдың 7 қыркүйегінде сағат шамамен 14-30-да сержант Т.Омар, курсанттар Н.Рәпиев пен Ғ.Рәш Ф.Тілектесовке болысып, Н.Байғожинді соққыға жықпақ болған. Ал олардың қарасындағы жанжалдың жолын кесу үшін Н.Байғожинмен бірге курсанттар Ғ.Тұрсын, А.Жұмабай, А.Әукенов және Р.Жолдыбаев еріп келген.

Жанжал барысында Ф.Тілектесов қолындағы аңшы пышағын курсант Ғ.Тұрсыновтың кеуде тұсына екі рет сұғып, ол біраз уақыттан кейін қаза тапқан. Сонымен қатар Н.Байғожинмен бірге келген курсанттар да соққыға жығылған.

Сот үкімімен қылмыстық істің басты айыпталушысы Ф.Тілектесовке 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Ал Т.Омарға 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалды. Р.Рәпиевке, Ғ.Рәшке де шартты түрде жаза берілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар