Ұлттық ұлан курсантының өліміне қатысты күдікті ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсантының өліміне қатысты Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

«Петропавлдағы Әскери институт аумағында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнында барлық қажетті шұғыл-тергеу шаралары жүргізілді. Күдікті, институттың 19 жастағы курсанты ұсталып, Петропавл қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеудің материалдары әскери-тергеу басқармасына жолданды», - деп мәлім етті СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты бүгін түс ауа пышақ жарақаттары салдарына н көз жұмды. Оқиғаға екі әскери қызметші арасындағы өзара түсініспеушілік себеп болған. 

Соңғы жаңалықтар