Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Галышеваны жеңісімен құттықтады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен мәлім етті.

"Құрметті Юлия, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және өз атымнан Сізді Пхенчхандағы XXІІI қысқы Олимпиада ойындарында қол жеткізген керемет жетістігіңізбен құттықтаймын.

Сіздің әлемнің үздік спортшыларымен бірге сынға түсіп, көрсеткен жеңіске деген құштарлығыңыз бен жарқын өнеріңізге миллиондаған қазақстандық куә болды.

Олимпиада ойындарының медалі - талай уақыт жұмсаған жаттығулардың жемісі. Сізді, жаттықтырушыңызды және де осы жетістікке өз үлестерін қосқан бүкіл команданы шын жүректен құттықтаймын», - деп атап өтті Т.Құлыбаев.

Ұлттық олимпиадалық комитет президенті сонымен қатар, осындай спортшыны тәрбиелеп, қысқы спортты дамытып жатқан Шығыс Қазақстан облысы мектебіне жеке алғысын білдірді.

«Сіздің бұл медаліңіз Қазақстан Республикасының олимпиадалық марапаттар тарихында өзіндік орын алатынын сөзсіз. Сізге тек сәттілік және жеңіс тілеймін!», - делінген құттықтауда. 

Соңғы жаңалықтар