Ұлттық музейде мүсінші Еркін Мергеновтың көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде мүсінші Еркін Мергеновтың «Еркін Мергенов. Уақытты сезіну» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрменің ашылуына «Еркіндік» қоры мен Ұлттық музей мұрындық болып отыр. Қазақстанның Халық суретшісі Еркін Мергенов 2015 жылы өмірден өтіп кеткенімен, еліне өшпес мұра қалдырған бірегей мүсінші. Еркін Мергеновтың көрмесі арқылы Ұлттық музей Қазақстанның суретшілік өнеріне ерекше үлес қосқан тұлғалардың шығармашылығын көпшілікке түсіндіріп, таратуға бағытталған «Қазақстан заманауи өнер тарихындағы тұлғалар» атты жобасын жалғастырмақ.

«Еркін Тілекұлының арамыздан кеткеніне 3 жылға таяп қалды. Ең бірінші кезекте мүсінші, суретші, азамат, адам ретінде ешқашан шындыққа келгенде бұғып қалған емес. Біздің бәріміз осы өмірдің бояулы келбетіне үйреніп қалғанбыз. Ал оның шығармашылығына келгенде адам өмірдің шынайылығын түсінудің күрделі қатпарларымен бетпе-бет келеді. Шындық пен өтіріктің күресі Еркін Мергеновтың туындыларында айқын көрінеді. Шындықты көп адам қабылдамайды. Бірақ, одан құтылған ешкім жоқ. Осы көрмеден көрермендер мүсінші әрдайым жеткізгісі келген шындықты табар деген үміттемін», - деді көрменің бүгінгі ашылуында өнертанушы Камилла Ли.
null 

Өнертанушының айтуынша, өмірден өтер алдында Еркін Мергеновтың Мәскеудегі Суретшілердің орталық үйінде және Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде екі көрмесі өткен. Күндерінің санаулы қалғанын сезгендей, суретші ол көрмелердің екеуін де «Қоштасу» деп атап кетіпті. Астанадағы «Еркін Мергенов. Уақытты сезіну» көрмесінің өтуіне суретшінің мұрагері әрі шәкірті Әлібек Мергенов мұрындық болғанын да айта кету керек.

Еркін Мергеновтың шығармашылығы - Орталық Азияның өнер кеңістігіндегі бірегей құбылыс. Оның мүсіндері жаһандық тарихи өзгерістер дәуірінің көркем символдары саналады. Ол ұлттық көркем дәстүрдің эстетикалық және көркем қағидаларын зерделей келе олардың тың ракурстарын, нәзік те мағыналы идеяларын ашады. Мергенов қазақы оюдың сарындарынан мүсін көлемінің нәзік бейнелілігін бірінші болып көре білген тұлға.
null 

Мүсіншінің туындылары ҚР Ұлттық музейінің, Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің, Мемлекеттік Третьяков галереясының, Украинадағы Орыс өнері Мемлекеттік музейінің, Қырғыз Мемлекеттік өнер музейінің топтамаларында, сол секілді алыс және жақын шетелдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Көрме осы жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады.

null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар