Ұлттық құраманың үш боксшысы финалда «Арландарға» көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық құрамадан үш боксшы финалда «Арландарға» көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 15-шілдеде Астана төріндегі «Қазақстан» спорт кешенінде «Куба Домадорес» клубы мен елордалық «Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) финалдық сайысын өткізеді.

Осыған орай бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда сапындағы үш белді боксшысын «Арландарға» көмектесуге шығару жөнінде шешім қабылдағанын мәлім етті.

Айтжановтың айтуынша, WSB додасының шешуші бәсекесінде «Арландардың» қатарына 75 келі салмақта Әділхан Аманқұл, 91 келі салмақта Василий Левит аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев сынға түседі.

Ал өзге салмақта сынға түсетін «Арландардың» құрамы алдағы аптада белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар