Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -23 °С
Алматы: -5 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа факультет ашылды

2017 жылғы 8 желтоқсан 06:56 556
Поделиться:
Ұлттық қорғаныс университетінде жаңа факультет ашылды

АСТАНА. ҚазАқстан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлері факультетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған факультет жоғары әскери білім жүйесіндегі кең бейінді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарын дайындау жөніндегі тапсырмаларды шешу үшін құрылған. Факультеттің ашылу салтанатына Ұлттық қорғаныс университеетінің бастығы генерал-майор Асхат Рысбаев, ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының штаб бастығы полковник Алмаз Ахмадиев қатысты.

«Мемлекеттің әскери қуаты тек қазіргі заманғы жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің саны мен сапасына негізделмейді. Жауынгерлік іс-қимылдарды орындауға мүмкіндік беретін әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету де қажет. Осы саланың мамандары игеруге тиісті біліктілік талаптары мен кәсіби құзіреттің маңыздылығы бізді даярлықтың қазіргі заманғы жаңа жүйесін құруға итермелейді. Осыған байланысты материалдық-техникалық қамтамасыз ету мамандарына қойылар талап та арта түспек», - деп атап өтті университет бастығы генерал-майор Асхат Рыспаев.

Осы бағыттағы біріктірілген басқару жүйесінің маманы тылдық, техникалық, көліктік және медициналық қамтамасыз ету сияқты құрамдас түрлердің негізін білуі қажет екенін атап өткен жөн.

 


Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат