Ұлттық қорғаныс университетінде кәсіби біліктілікті арттыру курстары ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында құқық қорғау органдары басшыларының Президенттік резервте тұрған қызметкерлерге арналған кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Курстың ашылуына Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Владимир Жұмақанов, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзәкіров қатысты.

Курс бағдарламасының тақырыбына сәйкес Ұлттық қорғаныс университетінің «Қарулы Күштері Бас штабының академиясы» факультетінің оқытушылары заманауи әскери қақтығыстардың, әлемдегі геосаяси жағдайдың сипатын зерделеу және өзге де тақырыптар бойынша сабақтар өткізеді.

Университетте ұдайы негізде ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің біліктілігін жоспарлы түрде арттыру жүзеге асырылады. Жыл сайын ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті базасында 1000 адамға дейін біліктілікті арттырудан өтеді.

Соңғы жаңалықтар