Ұлттық бренд байқауына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға өтінім қабылдау 15 қазанға дейін ұзартылды. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында аталмыш байқауға өтініш беру мерзімі ұзартылғанын хабарлай отырып оған келіп түскен жұмыстың бірнешеуін жария етті.

null
«Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың Ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 2017 жылдың 15 қазанына дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

Байқауға қазіргі күнге дейін 260 жұмыс келіп түсті. Бұл жұмыстарға қарап, Ел даңқын асқақтатуға деген құштарлықты көруге болады.

Дегенмен, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартуда. Осы орайда біз көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көріп отырмыз.

Сөзімнің соңында әлі іріктеліп алынбаған, кездейсоқ таңдалған бірнеше жұмысты назарларыңызға ұсынамын», деді министр.

null 2 1  
null  

Соңғы жаңалықтар