Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев еліміздегі валюта нарығындағы жағдайға баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Орта мерзімде теңге бағамын анықтайтын фундаменталды факторлар жақсы қалыптасуда. 11 айда теңге номиналды мәнде 0,6 пайызға нығайды», - деді ол Үкімет отырысында

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректер бойынша 11 айда 6,4 пайызға өсті және ол 31,4 млрд долларға жетті.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57 млрд доллар болды.  Жалпы халықаралық резервтер 88,4 млрд долларға жетті. Депозиттер көлемі қазан айының соңында 18 трлн теңге болды.

«Шетел валютасындағы салымдар 10 пайызға қысқарды, теңгедегі салымдар  11 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде, шетел валютасындағы салымдар 2016 жылғы 70 пайыздан 49,4 пайызға дейін төмендеді.

Белгілі болғандай, банктердің несиелік белсенділігін жандандыру жалғасуда. Қаңтар-қазанда банктердің экономикаға несиелерінің көлемі 3,2 пайызға, яғни 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен несиелер 9,5 трлн теңге дейін өсті. Шетел валютасымен несиелер 13,4 пайызға қысқарды.

Соңғы жаңалықтар