Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 341.61
EUR 410.27
RUB 5.90
CNY 51.98

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды
2016 жылғы 15 қараша 10:50 2642

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта" тақырыбындағы конферения аясында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа банкнотада сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тариx жинақталған. Ондағы галограмма - символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері. Ал ынтымақтастық идеясы Қазақстанның картасы көпұлтты xалықтардың ортақ үйі ретінде бейнеленген. Қазақ Елі монументіндегі Самұрық құс кешегі мен бүгінгінің сабақтастығының белгісі болып табылады. Мерейтолық купюра Президенттің, Ұлт көшбасшысының ел дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейнелеуге бағытталған", - делінген банкнотты таныстыру бейнебаянында

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды  

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігіне сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған купюраны шығару туралы шешім қабылданды. Әлемде ондай тәжірибелер баршылық. "Бұл - жаңа тақырып емес. Нельсон Манделла, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчил және тағы басқа көшбасшылар өз елдерінің қазіргі валютасында бейнеленген",- дейді Д.Ақышев. Оның айтуынша, жаңа купюра Президент күні - 1 желтоқсанға қарай шектеулі таралыммен бастырылады.

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды 
Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды

Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды 
Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды 
Ұлттық банк Назарбаев бейнеленген жаңа банкнотты таныстырды  

Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Қазақстан Президенті,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пiкiрлер

  • 15.11.2016Арман
    0
    Назарбаевтың құрметіне осындай валюта шығарғанын қолдаймын. Теңгеде адам бейнесі болса оның құны күшейе түседі екен дейді. Жақсылықтан дәмеліміз.
  • 15.11.2016Нұржан
    0
    Бұл банкноттар тек бір реттік, мереке үшін шығарылған. Кей халық дұрыс түсінбей жатса керек. Біз қандай жағдай болса да өз мемлекетіміздің мәртебесін барынша көтере алуымыз керек.
  • 15.11.2016Жамал
    0
    Теңгенің туған күні құтты болсын! Осы валюталарға қалтамыз тола берсін. Биыл еліміз үшін басты мереке тәуелсіздік күні.
  • 15.11.2016мейр
    0
    Нұрекеңнен өзге қазаққа еңбегі сіңген тұлға қалмады ғой! Өз басым жағымпоздықтың бір түрі деп қабылдаймын жағымпоздық тек ескерткішпен шектелмейді екен оның түр түрін ойлап табады екен ғой жағымпоздар! Ататүріктей Елбасы кіммен соғысты? Черчилдей бізде дүниежүзілік апаттан алып қалыппа еді? Нельсон сияқты 25 жыл түрмеде отырды ма? теңеулердің барлығы асыра сілтеу! Адам өзінің адал бағасын тек биліктен кеткеннен кейін ғана алады!

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер