Ұлттық банк қысқамерзімді ноталарды сатылымға шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі қысқа мерзімді ноталарды сатылымға шығарды. Енді жеке тұлғалар құнды қағаздарға инвестиция салуға мүмкіндік алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жаңа жоба бойынша қазақстандықтар «Invest online» қосымшасын жүктеп алып, Ұлттық банктің құнды қағаздары - ноталарды сатып, немесе сатып ала алады.

Қазір бас банк жылдық табысы 8,5% , құны 50 млрд теңге болатын ноталарды нарыққа шығарды.

«Бүгін бір нота 92,19 теңге тұрады. Ертең 92,21 теңге болады. Арғы күні - 92,23 теңге болуы мүмкін. Бір жылдан соң 100 теңге болуы ықтимал. Бизнес схемасы өте қарапайым, тәуекел жоқ. Нотаны сатып алып бүгін сатып жіберсеңіздер де шығында қалмайсыз. Ертең сол нотаны сату арқылы сіз көбірек қаржы табасыз», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Қазіргі таңда нота саудасының қарапайым моделі жұмыс жасап тұр. Тұтынушылар эмитенттен сатып алып, соған қайта сатып жіберуіне болады.
Болашақта адамдар бір-бірімен саудаласатын болады.

«Табыс күнделікті есептеліп отырады. Сіз кез-келген уақытта нотаны сатып, үстінен түскен ақшаны көре аласыз. Табыстың түсіп жатқанын Invest Online кабинеті арқылы көруге болады», - деді ол.

Бұл онлайн сервис тек қана Қазақстан азаматтарына ғана қолжетімді.
null

«Тіркелу үшін ХҚКО-дан электронды қолтаңба немесе БЖЗҚ-дан ашылған жеке кабинет болуы керек. Немесе орталық депозитарийде шотыңыз болса, содан ала аласыз», - деп толықтырды бас банкир.

Оның айтуынша Invest Online қосымшасын Ұлттық банк қызметкерлері жасаған.

«Ең алдымен, тұңғыш рет мемлекеттік қызмет деңгейінде блокчейн технологиясы қолданылып отыр. Яғни, әр транзакция тізбектелген жеке блоктарға жазылады. Бұл ақпараттың өзгеруіне, жоғалуына қарсы жасалған технология. Екіншіден, ҚР Ұлттық банкі құнды қағаздар саудасын жүргізу үшін электронды ақша шығарды. Үшіншіден, барлық операция электронды қондырғыларда көрініс табатын болады», - деді Данияр Ақышев.
Тұтынушылар «Invest Online» жайлы толығырақ білу үшін 8 800 080 86 68 нөмірлеріне немесе [email protected] поштасына хат жаза алады.

Соңғы жаңалықтар